USD
USD
USD

Гэтжи: «Хабибті қанға бөктіремін»

Америкалық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Джастин Гэтжи ресейлік Хабиб Нурмагомедовқа қарсы алдағы сайыс жөнінде сөз қозғады.

Гэтжи: «Хабибті қанға бөктіремін»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Оның қан-қан болғанын көремін деп ойлаймын. Қанға бөккенін және бұған не жауап беретінін көргім келді. Ол мен секілді жынды емес», – дейді американдық.

Оның айтуынша, Хабибтің жекпе-жек мәнері қанды сүймейді. «Сондықтан ресейлік өз қанын көп көрмеген», – деп қорқытады америкалық спортшы.

Айта кету керек, Нурмагомедов пен Гэтжи 25 қазанда күш сынасады. Хабиб жеңіл салмаұта UFC чемпионы белбеуін қорғайды. Гэтжи болса, уақытша чемпион мәртебесінде октагонға шықпақ.

Хабиб ММА да жеңілістің не екенін білмей келеді. Қатарынан 28 жеңіске қол жеткізген. Гэтжи 22 рет жеңсе, екі рет ұтылған.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.