USD
USD
USD

Германияның солтүстігінде диверсия салдарынан пойыздар тоқтап қалды

Deutsche Bahn теміржол операторының мәліметінше, «байланыс инфрақұрылымына қарсы бағытталған саботаж актісі» 8 қазан күні таңертең Германияның солтүстігі мен солтүстік-батысында пойыздар қозғалысының тоқтауына әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германияның солтүстігінде диверсия салдарынан пойыздар тоқтап қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Диверсия салдарынан Берлиннің негізгі теміржол вокзалындағы пойыздар, атап айтқанда, ел астанасы мен Кельн арасындағы қозғалыс тоқтап қалды. Барлық жүрдек және аймақтық пойыздар, сондай-ақ жүк тасымалы шамамен 3 сағатқа тоқтады.

Deutsche Bahn концернінің өкілі мұның себебі радиобайланыс жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін кабельдермен байланысты диверсия екенін айтты, онсыз пойыздардың қозғалысы мүмкін емес. Хабарланғандай, ақау жойылды.

Қазір оқып жатыр

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер