USD
USD
USD

Германиялық азамат 87 рет вакцина «алған»

Германия тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпені 87 рет алған. Билік осылайша аталған азамат вакциналау сертификаттарын заңсыз сатқан деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Германиялық азамат 87 рет вакцина «алған»
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Frei Presse неміс газетінің жазуынша, 61 жастағы ер адам Саксония және Саксония-Анхальт шығыс-герман жерлеріндегі бірнеше вакциналау орталықтарына барған. Ол күніне үш вакцинадан алған болуы мүмкін деп жазды неміс басылымы.

Ер адам вакциналау орнына келген сайын, ол өзімен бірге вакцинация туралы жаңа таза құжат алып келіп жүрген. Екпе алғаннан кейін ол құжаттан вакцина нөмірлері туралы ақпараты бар беттерді алып тастаған. Бланкіні вакцинаны салдырғысы келмейтіндерге сатқан.

Сондай-ақ, ер адам вакцинация үшін өзінің нақты аты-жөні мен туған күнін пайдаланып, бірақ медициналық сақтандыру картасын көрсетпестен тіркелген.

Дрезден қаласындағы егу орталығындағы қызметкерлердің бірі бұл адамды таныған соң күдіктене бастаған. Келесі жолы ол Эйленбург қаласындағы екпе орталығына кірген кезде қызметкерлер полиция шақырып, ер адам ұсталған.

Журналистер бұл жағдай Германияның денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтарды көрсетті деп жазды. Мұнда медициналық ақпарат негізінен цифрланбаған және орталықтандырылған жүйеде сақталмаған.

«Коронавирусқа қарсы вакциналардың ұлттық тізілімі бұл жағдайды дереу анықтай алар еді», - деді Саксония мемлекеттік медициналық қауымдастығының өкілі Кнут Келер газетке.

Германияда екпе алуға құқылы халықтың 75%-дан астамы толығымен вакциналанса, 58%-ға жуығы қайтадан екпе алған.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру