USD
USD
USD

Германиядан келген музыканттар ресейлік жұлдыздармен өнер көрсетуден бас тартты

Ресейлік жұлдыздар Дубайдағы Дрезден опера балында өнер көрсетуі керек болған. Алайда Германиялық музыканттар олармен бірге бір сахнада тұрудан бас тартып, концертті тоқтатты.

Германиядан келген музыканттар ресейлік жұлдыздармен өнер көрсетуден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейлік жұлдыздар Валерия, Вадим Репин және Светлана Захарова Дрезден опера балында өнер көрсету үшін Дубайға ұшып келген. Бірақ олардың қойылымы сәтсіз болды. Музыканттар Путиннің режимін қолдайтын жұлдыздармен бір сахнаға шығудан бас тартты.

Бұл жөнінде әнші Валерия AIF басылымына сұхбат берді. Онда ол спектакльдің тоқтатылуына мүлдем ренжімегенін айтты. Оның айтуынша, басқа да ұсыныс жеткілікті. Сондықтан өнеріне ешқандай зиян жоқ. 

"Менің Дубайдағы Дрезден опера балы жоспарлаған қойылымым болмады. Себебі Дрезден оркестрінің музыканттары орыс әртістерімен бір сахнаға шыққысы келмеді. Жақында Ханты-Мансийскіде паралимпиадашылардың қысқы ойындарының жабылуында өнер көрсеттім. Ол жақта мені өте жылы қарсы алды",– деді әнші.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City