USD
USD
USD

Германиядағы тәжіктер Эмомали Рахмонның кортежіне тас пен жұмыртқа лақтырды

Желіде тараған бейнежазбада бір топ эмигрант алдымен Эмомали Рахмонның күзетшісімен кафеде сөйлесіп, соңында ол белсенділердің бірінің камерасын теуіп жіберген. Бұған жауап ретінде эмигранттар оны соққыға жықты, деп хабарлады Turkmen.news.

Германиядағы тәжіктер Эмомали Рахмонның кортежіне тас пен жұмыртқа лақтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Содан кейін Рахмонның Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуге бара жатқан кортежіне таспен және жұмыртқамен шабуыл жасалды. Сол сәтте тәжіктер көшеде «Диктатор!» деп айқайлап жатты.

Неміс полициясы шабуылдың алдын алуға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Кадрдан Тәжікстан Президенті отырған көліктің терезесі жарылғанын көруге болады.

Тәжікстан билігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ. Болжам бойынша, шабуылды оппозициялық «Тәжікстан ұлттық альянсы» мен Тәжікстанда тыйым салынған «Группа 24» қозғалысы жоспарлаған. Рахмонның Германияға сапары қарсаңында олардың жақтастары Берлинде наразылық шерулерін өткізетіндерін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала