USD
USD
USD

Германияда жұмыссыздар саны артуы мүмкін

 Германияда коронавирустың кең етек жаюына байланысты жұмыссыздық деңгейі артуы мүмкін. Егер өткен жылы жұмыссыздар саны 2,2 млн-нан сәл асса, биыл пандемияның салдарынан бұл көрсеткіш тағы 500 мың адамға артуы мүмкін.

Германияда жұмыссыздар саны артуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсіресе даяшы, туристік компанияның қызметкерлері, ұшқыштар мен жолсеріктер бос қалуы мүмкін. Сарапшылар жергілікті биліктің көмегі болмаса нәпақасынан айырылған тұрғындардың саны әлде қайда көп болуы мүмкін еді дейді. Мәселен, Германия Үкімет карантин кезінде жұмыс істеген сағатына қарамастан әр қызметкерге жалақысының 60 пайызын төлеп тұрды. Биліктің мұндай көмегі көптеген кәсіпорынды банкроттан аман алып қалды.

Германияның еңбек және әлеуметтік істер министрі Хубертус Хайль: "Екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің қатары артты. Алайда жергілікті биліктің көмегінсіз олардың саны бұдан да көп болар еді. Арнайы ойластырылған модель арқылы көптеген қызметкер толық емес жұмыс күніне көшті. Осылайша миллиондаған адамның жұмыс орны сақталды" деді.

Десе де, Германияда кей мамандарға тапшылық байқалады. Мысалы елде әлі күнге дейін айти-мамандары жетіспейді. Инженерлер мен фармацевтика және химия саласының қызметкерлеріне де сұраныс артып барады. Сонымен қатар білікті дәрігерлер де аз.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

.

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Қарағанды

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana