USD
USD
USD

Германияда теракт жасамақ болған иммигранттар ұсталды

Германияның ішкі істер министрлігі лаңкестік әрекетті дайындап жатқан қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады Euronews арнасы.

Германияда теракт жасамақ болған иммигранттар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Германия мен Нидерландыда Орталық Азия елдерінен келген тоғыз иммигрант терроризмге қатысы бар деген айыппен ұсталған. Тергеушілердің айтуынша, олар Германияда шабуылдар дайындап, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының қызметіне ақша жинап жүрген. Бұл мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Ауғанстанда және көршілес елдерде орналасқан исламшылармен байланыста болған.

Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Герберт Роулдың айтуынша, 20 мен 46 жас аралығындағы Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары ұсталды. Тергеушілердің мәліметіне қарағанда, олар қазірдің өзінде кураторлардан шабуыл жасау туралы нұсқау алып, дайындықты бастап кеткен, бірақ нақты мәліметтер әлі пысықталған жоқ. Прокуратура қолда бар деректер топ мүшелері деп болжанған адамдарды ұстауға жеткілікті деп санады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон