USD
USD
USD

Маска тақпаған балалар оқудан шығарылуы мүмкін

Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде 2 миллион оқушы мектепке қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар». Алайда, білім беру мекемесінде бірқатар ереже енгізілген. Мәселен, бесінші сыныптан бастап балалар сабақ үстінде де, үзіліс кезінде де маска тағуға міндеттеледі.

Маска тақпаған балалар оқудан шығарылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ережеге бағынбағандар оқудан шығарылуы мүмкін. Сонымен қоса, мұғалімдерге оқушыларды тақтаға шығаруға тыйым салынады. Дәлізде балалар тек бір бағытта жүруі тиіс. Бұл қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін қажет. Дене шынықтыру далада өтеді. Мұғалімдер екі апта сайын коронавирусқа тегін тест тапсырады. Өйткені елдегі ұстаздардың үштен бірінің жасы 50-ден жоғары болғандықтан, дені осал топқа жатады. Жалпы Германияда федералдық жерге байланысты оқу жылы әртүрлі уақытта басталады. Бұған дейін Берлин, Гамбург, Бранденбур оқушылары мектепке қайта оралған.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу