USD
USD
USD

Германияда локдаун енгізілді

Германияда коронавируспен күрес мақсатында дүйсенбіден, 2 қарашадан бастап локдаун режимі жарияланды.

Германияда локдаун енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Германия канцлеры Ангела Меркель 28 қазанда карантин режимі енгізілетіні жариялаған болатын. Оның айтуынша, елдің денсаулық сақтау жүйесі әзірше науқастардың өсуімен күресіп жатқанымен, жалпыұлттық карантин жарияланбаса, бірнеше аптадан кейін мүмкіндіктері шегіне жетуі мүмкін.

Елде театр, фитнес-клубтар жабылып, қоғамдық тамақтану орындары жеткізу қызметі бойынша ғана жұмыс істесе, мектептер, бала бақшалар, шаштараздар мен дүкендер жұмысын жалғастырады.  

1 қарашадағы мәлімет бойынша, Германияда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 14,2 мың адам анықталған, 29 адам қайтыс болған. 

Жалпы Германияда пандемия басталғалы науқастар саны 532 930-ға жеткен, 10 481 адам қайтыс болған. 355 мыңнан аса адам аурудан айыққан.   

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy