Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Германияда карантин режимі жеңілдетіледі

Германия канцлері Ангела Меркель елде карантин режимі жеңілдетілетінін мәлім етті.

Германияда карантин режимі жеңілдетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Германия канцлері Ангела Меркель федералды аймақтар басшыларымен кездесуде коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету керек екенін айтты. Осы жылдың 20 сәуірінен бастап әлеуметтік қашықтықтың барлық шараларын сақтай отырып, ауданы 800 шаршы метрге дейінгі дүкендер жұмыс істей бастайды.

Сонымен қатар, кітап дүкендері, автодилерлер мен велосипед сататын дүкендер жұмысын қайта бастайды. Егер сәуір айының соңына дейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, онда 4 мамырдан бастап шаштараздар мен мектептер ашылады», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram-каналында. Алайда, мейрамханалар, қонақүйлер, фитнес-клубтар мен кинотеатрлар әзірге ашылмайды. Бұқаралық шараларды өткізуге де рұқсат берілмейді. Германия канцлері ел толыққанды қалыпты өмірге тек бірнеше апта немесе айлардан кейін ғана қайта орала алатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА