USD
USD
USD

Германияда бір тәулікте 2200 адам коронавирус жұқтырған

Б

Германияда бір тәулікте 2200 адам коронавирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

ұл өткен аптадағы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жаңа деректер елдің түрлі аймақтарында тіркеліп жатыр. Гамбургте бардың 2 қызметкерінің вирусты жұқтырғаны расталды. Енді олармен қарым-қатынаста болды деген күдікпен 600 мейман іздестіріліп жатыр. Алайда бұл оңай шаруа емес болып шыққан. Өйткені бар қонақтарының көбі шын есімін жасырып, жалған мәліметтерді көрсетсе керек. Айта кеткен жөн, Германия билігі Еуропадағы үш қаланы: Вена, Амстердам мен Будапештті қауіпті аймақтар деп жариялады. Осы ретте билік тұрғындарды шетелге шықпай, күзгі және қысқы демалысты отанында өткізуге шақырып отыр.

– Біз әлемдегі коронавирус ахуалын, әсіресе көрші Австриядағы жағдайды жіті бақылап отырмыз. Өткен аптадан бері неміс туристеріне онда жаңа деректердің артып бара жатқанын ескертіп келеміз. Егер қандай да бір елде не өңірде жеті күн бойы 100 мың адамға шаққандағы оқиғалар саны 50-ден асса, оны қауіпті аймақ деп жариялаймыз. Қазір ондай өңірге бүкіл Испания, Францияның бірнеше аумағын, Брюссель, Болгарияның бір бөлігін, Хорватия, Румыния мен Чехияны жатқызуға болады, – деді Германия сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Адебар.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова