Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Германияда әр секунд сайын 8 адам вакцина алады

Германия екпе салу бойынша Еуропада көш бастап келеді. Әр секунд сайын бұл елде 8 адам вакцина алады.

Германияда әр секунд сайын 8 адам вакцина алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Демалыс күндері де науқан қарқынды жүреді. 84 миллион халқы бар Германияда 32 миллионнан аса тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Ал екі дозаны да қабылдаған адамдар саны 10 миллионнан асып кетті. Әзірше елде медиктер, өрт сөндірушілер, полицейлер мен дүкен сатушыларына екпе салынып жатыр. Ал келесі айдан бастап жаппай вакциналау басталады.

Яғни кез келген адам өзіне екпе салдыра алады. Елде жүргізілген сауалнама бойынша ел тұрғындарының 67 проценті екпе салдыруға қарсы емес. Жалпы соңғы апталарда ел бойынша коронавирус дертін жұқтыру саны күрт азайған.

Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан: "Вакциналау және сақтық шаралары, сондай ақ бір-бірімізге деген жанашырлық пен қамқорлық індеттің үшінші толқынын еңсеруге мүмкіндік берді. Бұл біздің ортақ табысымыз. Ел азаматтарының 70 проценті екпе салдыруға дайын, ал ересектердің үштен екі бөлігі вакцинаның бірінші компонентін алды. Ол да керемет нәтиже", – деді. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті