USD
USD
USD

Германияда улы газдан 41 адам зардап шекті

29 желтоқсанда Германияның Вальдхайм қаласындағы Kaufland супермаркетінде белгісіз адамдар көзден жас ағызатын газ шашты.

Улы газ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға салдарынан 41 адам зардап шегіп, оның ішінде 15 адам ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккендер көздің және тыныс алу жолдарының тітіркенуіне, жүрек айнуына шағымданған. Қазір супермаркет жабылды, оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде.

Бұл Германиядағы алғашқы оқиға емес. 2 желтоқсанда Берлинде белгісіз біреу бастауыш мектепте газ шашып, 44 оқушы зардап шеккен болатын, олардың 22-сі ауруханаға жатқызылған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы