USD
USD
USD

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяның денесінен пышақ жарақаттары анықталды

Германияда қаза болған қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның қолында, мойынында және бетінде пышақ жарақаттары болған, деп хабарлайды «BILD на русском» Telegram каналы. 

Айгүл Сайлыбаева
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Криминалистер жүргізген сот-медициналық сараптама нәтижесі жарияланды.

«Біздің болжамымызша, төбелес болған, әйелге шабуыл жасалды және ол өзін қорғаған болуы керек», – деді тергеуші.

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге тұрған. 4 маусымда таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарған. Содан кейін әйелді ешкім көрмеген. Жексенбіде оның денесін қаланың шетінде пластикалық қапқа салынған күйде тапқан. 

Басылымның сауалына прокуратура бұл іс бойынша әлі бірде-бір күдікті жоқ деп жауап берген.

Сайлыбаевамен қатар, бір уақытта оның ресейлік 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Қазір Жаклин әкесімен бірге.

Марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев қарындасын туған жеріне жерлегісі келетінін жеткізді.

«Айгүл өте ашық, жауапты адам болатын. Ол қызын бәрінен де жақсы көрді және аяулы ана бола білді. Айгүлдің өліміне кім кінәлі болса, ол әділ жазаға тартылып, әділдік орнайды деп сенемін», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар