18 Маусым 15:32

Германияда қаза тапқан экс-судьяның қайын енесі Мәскеу мэрлігіне кандидат болған

 Наталья Донцова
Фото: Әлеуметтік желіден

Германияда Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айгүл Сайлыбаева, сондай-ақ оның енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен болатын. 

Алматы, NEGE. Айгүл Сайлыбаеваның денесі полиэтилен пакетке салынған күйінде Эрлах карьерінен табылды. Әйелдің денесінен зорлық іздері анықталған. Ал оның енесінің қайда екені әзірге белгісіз.

Марқұмның ағасы сұхбатының бірінде Сайлыбаеваның қайын енесінің аты-жөні Наталья Николаевна Донцова екенін атаған. Дәл сондай аты-жөнмен және түр-әлпеті БАҚ беттерінде тараған суретке ұқсас әйелдің алты жыл бұрын Мәскеу мэрі лауазымына кандидат болған.

«Оның үш жоғары білімі бар: педагогика-психология, қаржы және құқықтану. Ол 43 жаста. Үйленген, екі баласы бар. Қазақстанның Талдықорған қаласында дүниеге келген.  Мәскеуде тұрады. 2018 жылы ол ЛДПР партиясына өтті», – деп жазған сол кезде ол туралы ресейлік БАҚ.

Бұл деректер жоғалып кеткен Донцова туралы белгілі мәліметтермен сәйкес келеді: ол қазір 49 жаста, қазақстандық, ЦентрКредит банкінің бұрынғы топ-менеджерінің қызы.

Донцованың қыз кезіндегі тегі – Василенко. Василенко Луиза Гельмутовна, 1951 жылы туған, ЦентрКредит Банкінің Талдықорған қаласындағы филиалының директоры болған.