USD
USD
USD

Германияда 13 әуежай қызметкерлері ереуілге шықты

Бүгін Германияның ірі 13 әуежайында 24 сағаттық ескерту ереуілі басталды. 

Әуежай қызметкерлері
Фото: eadaily.com

Алматы, NEGE. Ver.di неміс кәсіподақ ұйымы әуежай операторларын, жерүсті қызметкерлерін және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерін наразылық шарасына шығуға шақырды.

DW порталының хабарлауынша, ереуіл Берлин-Бранденбург, Штутгарт, Кельн/Бонн, Дюссельдорф, Дортмунд, Мюнхен, Гамбург, Франкфурт-на-Майне, Ганновер, Бремен және Лейпциг/Галле әуежайларына әсер етеді.

Веце және Карлсруэ/Баден-Баден әуежайларында ереуілге тек авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері, жолаушылар, қызметкерлер, жүк және тауарларды бақылау аймақтарында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ қызмет көрсету қызметкерлері шақырылды.

Неміс әуежайларының ADV қауымдастығының бағалауынша, Ver.di жариялаған ереуіл нәтижесінде 3400-ден астам рейс тоқтатылып, шамамен 510 000 жолаушы зардап шегеді.

Кәсіподақ 8%-ға жалақыны көтеруді, бірақ айына кемінде 350 евро көлемінде арттыруды талап етіп отыр. Сондай-ақ ауыр жұмыстарға үстеме ақы қосып, қызметкерлерге қосымша демалыс күндерін беруді сұрайды. Ver.di ұйымының мәлімдемесінде ереуілдің шамамен 25 000 қызметкердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін қажетті шара екені айтылған.

Айта кетейік Қазақстан мен Германия арасында аптасына 11 рейс орындалады. Жақында олардың санын 14-ке дейін арттыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, Германия әуежайларындағы 24 сағатқа созылатын ереуіл 7 наурызда басталған еді. Ал, 9 наурызда Гамбург әуежайында жерүсті қызметкерлерінің алдын ала хабарландырылмаған ереуілі өтті.  

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті