USD
USD
USD

Германия туристерге шекарасын ашпақ

2021 жылдың 25 маусымынан бастап Германия билігі Еуропалық Одақтан тыс елдердің вакцина салдырған азаматтарына кіруге рұқсат береді.

Германия туристерге шекарасын ашпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Германия елге келу мақсатына қарамастан, барлық турист үшін ашылады. Сонымен бірге, Германия Федералды ішкі істер министрлігінің сайтында хабарланғандай, вакцинаның соңғы дозасын салғаннан кейін кем дегенде 14 күн өтуі керек.

"Қазір тек Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (EMA) мақұлдаған вакциналар жарамды. Басқа вакциналар қажетті бағалау аяқталғаннан кейін тізімге қосылады", - делінген министрліктің сайтында.

Германияда мақұлданған вакциналардың тізімі Пауль Эрлих институтының сайтында көрсетілген. Оларға мыналар жатады: Moderna, AstraZeneca, BioNTech/Pfizer, Johnson&Johnson.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер