USD
USD
USD

Германия СІМ екінші рет оқшауланды

Германияның СІМ шетелдік делегациямен кездесуден кейін оқшауланды.

Германия СІМ екінші рет оқшауланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вирус жұқтырған шетелдік делегация мүшелерімен болған кездесуден кейін Хайко Мас оқшауланды. Бірінші тес теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ге сілтеме жасап. ГФР сыртқы істер министрі Хайко Мас коронаирус жұқтырғандармен байланыста болғаннан кейін соңғы бірнеше апта ішінде екінші мәрте карантинге оқшауланды. Германия СІМ хабарлауынша, SARS-CoV-2 бірінші тесті теріс нәтиже көрсетті. Министрге вирус жұқтырған адаммен байланысқаны туралы сол күні ертерек хабарланған, ал таңертең ол үкімет отырысына қатысқан. Түстен кейін Грекия сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен жоспарланған бірлескен баспасөз мәслихаты тоқтатылды.

Хайко Мастан басқа 2 қарашада Берлиндегі шетелдік делегациямен кездесуге қатысқан Германияның Сыртқы істер министрлігіндегі Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министр Михаэль Рот(Michael Roth) және ведомствоның бірнеше қызметкері карантинге жіберілді, олардың біреуінен SARS-CoV-2 анықталды. Мас қыркүйек айының соңында күзетшілерінің бірі коронавирусын жұқтырғаннан кейін өзін-өзі оқшаулауға кеткен болатын. Қазан айында Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Спаннан (Jens Spahn) коронавирус инфекциясы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт