USD
USD
USD

Германия Ресей мұнайынан толықтай бас тартпақ

Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Анналена Бербок Латвияға сапары барысында мәлімдеді.

Германия Ресей мұнайынан толықтай бас тартпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бербок Ресейдің Украинаға қарсы әскери қимылдарына қарсы Еуроодақтың өзге елдерін де осындай шара қабылдауға шақырды. Оның айтуынша, Еуропа өз қауіпсіздігін қорғау үшін жаңғыртылатын энергия көздеріне көшу керек.

Анналена Бербок, Германия сыртқы істер министрі:

– Германия Ресейдің энергоресустарын импорттаудан толықтай бас тартады. Көмірді импорттау биылғы жаздың соңына дейін тоқтатылады. Ал мұнайды сатып алу жазға дейін 2 есе азайтылып, жыл соңына қарай мүлдем доғарылады. Одан кейін газға қатысты шешімдер қабылданып, артынша еуропалық жол картасын жүзеге асыруға кірісеміз. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян