USD
USD
USD

Германия Ресей мұнайын импорттаудан бас тартты

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Германия үкіметі Еуропалық Одақ мұнай эмбаргосын енгізуге келіспесе де, осы жылдың соңына дейін Ресей мұнайын жеткізуден бас тартпақ.

Германия Ресей мұнайын импорттаудан бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай ақпаратты неміс министрлер кабинетіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып Bloomberg хабарлады.

Онда атап өтілгендей, ГФР үкіметі баламалы көздерден мұнай жеткізу мәселесін алты-жеті ай ішінде шеше алады. Батыс журналистерінің мәліметінше, ГФР Ресейден мұнай импортын Украинадағы оқиғалар басталғалы бері энергия ресурстары импортының жалпы көлемінде 35-тен 12 пайызға дейін қысқартты.

Сондай-ақ, Германия билігі баламалы энергия жеткізетін елдермен келіссөздерді күшейтті.

Bloomberg сұхбаттасушылары неміс министрлер кабинеті Германияның 6-7 ай ішінде осы проблемамен байланысты логистикалық мәселелерді шеше алатындығына сенімді деп сендірді. Агенттіктің хабарлауынша, Германия билігі бұл мәселені Балтық маңындағы неміс порты арқылы зауытты отынмен қамтамасыз ету арқылы шешуді жоспарлап отыр.

Бүгін Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрлері Брюссельде кездесу өткізіп жатыр, онда Ресейге қарсы келесі санкциялар пакеті, тағы басқа мәселелер талқыланады.

 

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан