USD
USD
USD

Германия пандемияның үшінші толқынын еңсерді

Оны елдің денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан да растады. Шпанның айтуына қарағанда, соңғы кезде қауіпті вирус жұқтырғандар саны күрт кеміген.

Германия пандемияның үшінші толқынын еңсерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дегенмен әлі де 4 жарым мың науқастың жағдайы тым ауыр. Сала басшысы тұрғындардың босаңсуына ерте екенін ескертеді. Германияның бірнеше федералдық жерінде карантин талаптарын жеңілдету көзделіп отыр. Ертеңнен бастап кинозалдар мен театрлар ашылады. Мейрамханалар терассаларында жұмыс жүреді. Алайда келушілерге арналған ереже бар. Мысалы, үстелдерді ерте бастан брондау керек. Және ковидті терістейтін тест қортындысын көрсетуге тура келеді. Қоғамдық тамақтану орындары Гераманияда күзден бері жабық. Жергілікті билік егер эпид жағдай ушығатын болса, қайта карантинге жабылу мүмкін екенін де алға тартады.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

– Қолға алған шаралар өз жемісін берді деуге болады. Үшінші толқын саябыр тартты. Тиісінше, қауіпті вирус жұқтырғандар саны кеми түсті. Бірақ ол шектеу біткенді түгел алып тастау дегенді аңғартпайды. Кейбір жұмыс орындарын аша бастадық. Көрсеткіштер әлі де жоғары екенін біле тұра. Мысалы, Англия науқастар саны әбден азайған кезде шектеулерді ала бастады. Біз бәрін бақылауда ұстаймыз. Жағдай ушығып кетпеуін қадағалаймыз.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси