USD
USD
USD

Германия Қазақстан мұнайын күтіп отыр

Неміс тарапы жыл сайын 5 млн тонна қара алтын экспортына тапсырыс береді. Биыл да солай еткен.

Германия Қазақстан мұнайын күтіп отыр
Фото: NEGE.kz

Бұл жөнінде "ҚазМұнайГаз" басшысы "Хабар 24-тің" "Президент" жобасына берген сұқбатында айтты.

Алматы, NEGE. Мағзұм  Мырзағалиевтың айтуынша, экспорттың алғашқы партиясы келер айда Германияның шығысына жөнелтіледі.

Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 10 млн тоннадан астам шикізатты өңдеуге жетеді. Осылайша зауыт Берлин мен елдің шығыс аймағын отынмен қамтамасыз етеді.

«Бұл арада бірнеше мәселе бар: біріншісі мұнай бағасына байланысты, екіншісі мұнайды басқа порттардан жеткізуге қатысты. Бұған дейін мұнайымызды Новоросийск теңіз порты мен Балтық теңізіндегі Усть-Луга арқылы жеткізетінбіз. Демек, осы порттардағы мұнайды алып, неміс тарапына басқа жолмен жеткізу керек болады. Қазір келіссөздер қызу жүріп жатыр», - дейді "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Мырзағалиевтың айтуынша, Қазақстан қара алтынды немістерге Каспий құбыр желісі консорциумымен салыстырғанда анағұрлым тиімді шартпен саудаламақ.

Айта кетсек, бұған дейін Германия ресейлік мұнайдан бас тартып, оны қазақстандық өнімге алмастыратыны жайлы ақпарат тараған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған