USD
USD
USD

Германия, Франция және Италия AstraZeneca-дан бас тартты

Германия, Франция және Италия елдері AstraZeneca компаниясы жасап шығарған вакцинаны қолдануды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Германия, Франция және Италия AstraZeneca-дан бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Бұған дейін бірнеше ел препараттың жанама әсерлері бар екенін жариялаған еді.  Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина мен асқыну процесі арасындағы байланыстың бар-жоқтығы дәлелденбеген және алаңдауға негіз жоқ деп отыр.  Ұйым басшысы Тедрос Адан Гебрейюс осы орайда арнайы комитет AstraZeneca вакцинасы бойынша кездесу өткізетінін мәлімдеді. Еуропаның дәрі-дәрмектерді реттейтін органы осы аптада вакцина егілгендердің тромбоэмболиялық асқынуы туралы жиналған ақпаратты талқылау үшін отырыс ұйымдастырмақ.  15 наурызда Нидерланд билігі AstraZeneca екпесінің жанама әсері туралы хабарланғаннан кейін, осы препаратпен халықты вакцинациялау процесін тоқтатып тастаған еді. Ал оған дейін Ирландия, Исландия, Дания және Норвегия осындай шешім қабылдаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер