Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Германия билігі елге кіру ережелерін күшейтті

 Германия елге кіру ережелерін ширата түсті. Жаңа шектеулер «қауіп-қатер аумағы» деп танылған 20-дан астам мемлекетке қатысты қолданылады.

Германия билігі елге кіру ережелерін күшейтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл тізімде Қазақстан жоқ. Оған АҚШ, Испания, Португалия, Египет, Израиль, сондай-ақ Балтық жағалауы елдері енген. Германияға «қауіп-қатер аумағынан» келетіндер коронавирус тестін көрсетуі міндетті. Оны федералдық полиция тексереді. Сырттан келгендер 10 күндік карантинде болады. Қазір Франкфурт пен Мюнхендегі әуежайларда жолаушыларды бақылау күшейтілді. Коронавирус мутациясы тіркелген Ұлыбритания, Ирландия, Оңтүстік Африка және Бразилиядан оралғандар теріс нәтижесі бар анықтаманы тіркеуден өтпей тұрып, көрсетуі тиіс.

Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан: "Австралия, Жапония, Тайвань және Оңтүстік Кореяда әуежайға келгендердің бәрін тестілеуге мүмкіндік бар. Германия құрлықтың ортасында орналасқан ғой. Бізде шекара ашық тұр. Мысалы, Германия мен Нидерланд арасында мыңдаған адам қатынап жүр. Бірақ оң өзгеріс байқалады" деді.

Сарапшылар Германияда британиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штамм тіркелді деп дабыл қақты. Саясаткерлер қосымша шаралар енгізуді жалғастырды. Мәселен, бұдан былай тұрғындар қоғамдық орындар мен дүкендерде тек бетпердемен жүруі тиіс. Бұрынғыдай бетті орамалмен тұмшалауға болмайды. Бетперде тәртібін бұзғандарға 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Елде індет азайса, 14 ақпаннан кейін шектеулер алынуы мүмкін. Бірақ әзір 3 апта бойы мейрамханалар, бассейндер, мектептер жабық болады. Жақында жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 69%-і карантиннің ұзартылғанын қолдапты.

Қазір оқып жатыр

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева