Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Германия Беларуське қарсы санкция cалмақ

Александр Лукашенконың режимі талапты орындамаса, Беларусь билігіне қарсы бағытталған еуропалық санкциялар күшейтіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Германия Беларуське қарсы санкция cалмақ
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас осындай мәлімдеме жасады. Еуропалық Комиссия Беларусь мемлекетіне қарсы санкциялар жариялау үшін жұмыс атқарып жатқанын, сонымен қатар «санкциялар спиралін» дайындап жатқанын жариялаған еді.

АҚШ та бұл елге шектеу енгізу жағын қарастырып жатыр. Америкалық президент Джо Байден Ақ үй қызметкерлеріне осы мәселені зерттеуді тапсырды. Бұған дейін Еуропалық Одақ беларусьтің әуе компанияларға өз елдерінің әуежайларына ұшуға және одақтың әуе кеңістігіне енуге тыйым салған болатын.

Бұдан бөлек Еуропалық Одақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымын Ryanair рейсінің қонуын тергеуге үндеп, Минскіге қарсы жаңа санкциялар енгізуге уәде берді.

Еске сала кетсек, 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады.

Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. «Протасевичке экстремистік ұйым құрды» және «2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген айыптар тағылды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті