USD
USD
USD

Германия Қазақстанға экс-прокурор Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты

Германия соты Мақсат Дүйсеновке қатысты қылмыстық қудалаудың саяси уәжбен жүргізілуі мүмкін екенін негізге алған. Бұл туралы AGRA құқық қорғау ұйымы хабарлады.

Мақсат Дүйсенов
Фото: finpol.kz

Астана, NEGE. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазақстандық билікке жақын БАҚ-та, оппозициялық ақпарат алаңдарында да бір мезгілде жағымсыз сарындағы материалдардың жариялануы сот үшін маңызды дәлел ретінде назарға алынған.

Қазіргі таңда Қазақстан билігі экстрадиция мәселесін қайта көтере ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Еске салайық, экс-прокурор Германияда саяси баспана сұраған. Қазақстан тарапы оны аса ірі көлемде пара алу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және алаяқтық баптары бойынша айыптады.

Дүйсеновті бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа жақын адам деп таниды. Қожамжаров басшылық еткен кезеңде ол бірқатар жоғары лауазымды қызмет атқарып, резонансты істерді тергеуге қатысқан. Қазақстанның сұрауымен Интерпол желісі арқылы Максат Дүйсенов Германияда ұсталған болатын.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева