USD
USD
USD

Германия Газа халқына қосымша 5 млн еуро гуманитарлық көмек бермек

Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Израильге сапары барысында Германия аштыққа ұшыраған Газа секторы тұрғындарына көмек аясын кеңейтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.  

Газа аймағы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, Германия БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына (WFP) қосымша 5 миллион еуро бөледі.

– Біз Газа секторындағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын қолдау үшін қосымша 5 млн еуро бөлеміз. Бұл, өз кезегінде, наубайханалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін қолдауға көмектесіп, орта мерзімді перспективада Газаның тұрғындарын нанмен және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газа секторындағы гуманитарлық апат дереу тоқтатылуы тиіс, – деді Вадефуль.

Сонымен қатар, Германияның сыртқы істер министрі Израиль үкіметін БҰҰ және оның құрылымдарымен тығыз ынтымақтастықты мүмкіндігінше тез арада қайта бастауға шақырды.

Вадефуль гуманитарлық көмектің бір бөлігі ХАМАС қозғалысының қолына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

– Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыс соншалықты ауқымды, бұл жағдайда қосымша кедергілер жасау орынсыз. Теріс пайдаланудың алдын алудың ең тиімді жолы – секторға мүмкіндігінше көп азық-түлік пен гуманитарлық көмек жеткізу, – деді.

Германия СІМ дерегінше, 2023 жылдың қазан айында Газада соғыс басталғалы бері Германияның Палестина аумақтарына бөлген гуманитарлық көмегі 330 миллион еуродан асты. Оның 95%-дан астамы Газа секторы халқын қолдауға жұмсалған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар