USD
USD
USD

Германия Ауғанстан мен Сирия азаматтарын депортацияламақ

Германия қылмыс жасаған Ауғанстан және Сирия азаматтарын елден шығару мәселесін көтерді, деп хабарлайды Bild басылымы. 

Депортация
Фото: Фото: BILD

Алматы, NEGE. Қазан айында Германия ішкі істер министрлігінің өкілдері Кабулға барып, «Талибан» қозғалысымен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) депортациялау тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

ІІМ басшысы Александр Добриндттің айтуынша, «қылмыс жасағандар мен қауіп төндіретін тұлғаларды жүйелі түрде елден шығару қажет».

Бұған дейін Берлин Катардың арағайындығымен екі рет осындай рейс ұйымдастырған. Соңғысы 2025 жылдың шілдесінде болып, 81 ауған азаматы елден шығарылды. Дегенмен, Германияның «Талибанмен» ресми дипломатиялық қатынасы әлі орнаған жоқ.

Германия үкіметі тек ауғандарға ғана емес, Сирия азаматтарына да депортация жасаудыкөздеп отыр. Алдымен қылмыс жасағандар, кейін елде болуға құқығы жоқ мигранттар елден шығарылмақ.

«Жақсы интеграцияланған, жұмыс істеп жүрген адамдар мен әлеуметтік жәрдемақыға қарап отырған әрі баспана алу құқығы жоқ мигранттарды ажырату қажет», – деді Добриндт.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі