USD
USD
USD

Геннадий Головкин Шорт-трек құрамасын Харбиндегі Азия ойындарының алтын медалімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Харбин – 2025 Азия ойындарының эстафеталық жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған шорт-трек құрамасын құттықтады.

Геннадий Головкин
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және өз атымнан Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Әділ Ғалиахметовті Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қазақстандық шорт-трек үшін әлемдік деңгейдегі кешенді жарыстардағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлде және мыңдаған жанкүйер осы тарихи сәттің куәсі болды. Бүгін сіздер жеңіске деген жігерлеріңіздің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдіңіздер. Және көп жылдан кейін Қазақстанның әнұраны Азия құрлығының қысқы додасында қайта шырқалады.

Сіздерді осы жеңіске жетелеген бапкерлеріңізге ерекше алғыс айтамын. Бұл жарқын жеңіс – бүкіл ел үшін зор қуаныш. Рақмет, алға, Қазақстан!» – деді Геннадий Головкин.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.