USD
USD
USD

Геннадий Головкин Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады, деп жазады Olympic.kz.

Ғұсман Қырғызбаев
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. «Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо жанкүйерлерін емес, барша қазақстандықтарды қуанттыңыз!

Нағыз чемпион жеңіп алған медалінен бөлек, мінезімен де ерекшеленеді. Өте қиын белдесулерде жеңіске деген жігер танытып, чемпиондық рух көрсеттіңіз. Сіздің бапкерлеріңіз Ермек Нәсиев пен Нұрбол Сүлейменовті Олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс барша жас қазақстандықтарды жігерлендіріп, оларды ірі жеңістерге жетелесін!

Барша қазақстандықтарды тағы бір Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын!», - делінген құттықтау жеделхатында.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама