USD
USD
USD

Геннадий Головкин Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады, деп жазады Olympic.kz.

Назым Қызайбай
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. «Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді.

Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», - делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе