USD
USD
USD

Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізді

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, Қатар ҰОК басшысы, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының вице-президенті шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл-Танимен ресми кездесу өткізді.

Головкин
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Сондай-ақ ресми іс-шараға Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры және World Aquatics ұйымының президенті Хусейн әл-Мусаллам, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов қатысты.

Кездесу барысында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, олимпиадалық қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері, оның ішінде биыл Астанада өтетін Құрлықтық спортшылар форумын ұйымдастыру жайы талқыланды.

Аталмыш форумға Азияның 45 елінен спорттық комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.

Тараптар Қазақстан мен Қатар ҰОК арасындағы әріптестікті кеңейтуге және World Aquatics ұйымының Қазақстан су спорты түрлері федерациясымен ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп, жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы нақты қадамдарды келісіп алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

Айбек Дәдебай

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

ЖЭО