USD
USD
USD

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына қабылданған алғашқы қазақстандық атанды

Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Геннадий Головкин
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Астана, NEGE. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына алғашқы мүмкіндіктен-ақ қабылданды.

Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді бокс тарихының ұлы тұлғаларымен қатар аталады.

«Қазақстан тарихында алғаш рет бұл таңдаулы қауымдастықтың мүшесі атанған спортшы Геннадий Головкин болды. Оның спорттағы орасан зор жетістіктері ресми түрде мойындалып, аңызға айналған боксшы әрі өз дәуірінің ең үздік спортшыларының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындай түсті», – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетсе, кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңімпаз атанған. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

Қазір оқып жатыр

Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

қауіп

«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?

Әділет Закиев

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы