USD
USD
USD

Геннадий Головкин бастаған ҰОК делегациясы Лозаннаға келді

Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің делегациясы Лозанна (Швейцария) қаласына келді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған жұмыс сапары халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалысты бірлесе дамыту жолында маңызды қадам болмақ.

Бүгін, 22 мамыр күні, бас хатшы Жанар Утешева мен Қазақстан ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербектен құралған делегация ХОК-тың штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиадалық үйге барды.

Қазақстан ҰОК өкілдеріне арнап түрлі Олимпиадалық қозғалыстың заманауи дамуындағы түрлі аспектілер мен ерекшеліктерді қамтыған таныстырылым өтті.

Қазақстан ҰОК делегациясының жұмыс сапары аясында түрлі ХОК департаменттерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Айта кетелік, аталған іс-сапардың басты оқиғасы – Геннадий Головкин мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах арасындағы кездесу болмақ.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе