USD
USD
USD

Геннадий Головкин титулынан бас тартты

Бразилиялық журналист Уилсон Балдинидің ақпаратына сәйкес, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұдан былай IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы емес, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин титулынан бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балдини Twitter-парақшасында жазғандай, GGG белбеуден өз еркімен бас тартты. Бұл дегеніміз, ендігіде міндетті үміткер және рейтингіде бірінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао вакантты титул үшін өзге үміткермен жұдырықтасуы ықтимал дегенді білдіреді. IBF рейтингінде екінші орында - австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында - неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери тұр.

Головкиннің IBF титулынан айырылғаны туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ. Айта кетейік, Геннадий сондай-ақ, WBA Super нұсқасы бойынша титулға және IBO-ның қосалқы титулына ие. Оның WBA желісіндегі міндетті қарсыласы – «қарапайым» әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси