USD
USD
USD

Геннадий Головкин рингке оралатынын мәлімдеді

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желілерде рингке қайта оралуы туралы жазба жариялады.

Геннадий Головкин рингке оралатынын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Мен рингке жанкүйерлерім және өзім үшін шығамын. Жақында кездескенше", - деп жазды Головкин Twitter-парақшасында.

Сонымен қатар, Головкин Fox News тілшісі Мэтт Ричардсонның жазбасына жауап берді. Ол Сауль "Канело" Альваресті GGG-мен салыстырғанда Джермалл Чарлоға қарсы күресте көргісі келетінін жазған және "GGG-мен жұмыс аяқталды" деген.

"Сенің не ойлайтының ешкімді қызықтырмайды. Мен трештокингпен айналысатындарға және менің есімімді қолданып хайп жасайтындарға қарағанда, шынымен жетістікке жетіп, назар ауаруға тұрарлық адамдарды тыңдағанды дұрыс санаймын", - деп жауап берді Головкин.

Қазір оқып жатыр

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

.

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк