USD
USD
USD

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Hyundai компаниясы өрт шығу қаупі бар 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтарып жатыр. Бұл науқанның Қазақстанға қатысы бар-жоғын анықтау үшін елдегі ресми дистрибьютор Astana Motors компаниясына сауал жолдадық.

Astana Motors
Фото: Astana Motors

Астана, NEGE. Компанияның мәліметінше, кері қайтару науқаны АҚШ пен Канада нарықтарында ғана жүреді.

«Аталған сервистік науқан АҚШ пен Канада нарықтарына арналған автокөліктерге қатысты. Қазақстанда бұл сервистік науқан ресми түрде жарияланған жоқ», – деп хабарлады Astana Motors баспасөз қызметі Nege.kz редакциясына.

Сондай-ақ, компания мәліметінше, аталған жылдары шығарылған Hyundai Genesis және Genesis G80 модельдері Қазақстан нарығына ресми түрде жеткізілмеген.

«Genesis брендінің ресми дистрибьюторы Қазақстандағы қызметін 2023 жылдың қазан айында бастады. Осыған байланысты Hyundai Genesis (2015–2017 жылдар) және Genesis G80 (2017–2020 жылдар) автокөліктері Қазақстан нарығына ресми түрде жеткізілмеген. Сонымен қатар дистрибьюторда ресми дилерлік желіден тыс әкелінген және сатылған автокөліктердің саны туралы дерек жоқ», – деді компания.

Еске салайық, Hyundai компаниясы 2015–2017 жылдары шыққан Hyundai Genesis және 2017–2020 жылдары шығарылған Genesis G80 модельдерінің 95 мыңға жуық көлігін кері қайтарып жатыр. Компания оларды ықтимал ақауға байланысты тексермек.

Ақау орындықты реттейтін электр тетігінен туындауы мүмкін. Оған қатты соққы тисе, механизм тұрып қалып, салдарынан көлік өшірілгеннен кейін де орындықтың электр қозғалтқышы жұмыс істеп, қызып кетуі ықтимал. Бұл көліктен өрт шығу қаупін арттырады.

Сондықтан компания көлік иелеріне машиналарын ғимараттар мен басқа көліктерден алыс жерге қоюға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

«Анархия орнайды деп ойламаймын»: Депутат бизнесті тексеруге мораторий енгізуге қатысты пікір білдірді

Бизнес

«Бізде бай депутаттар көп емес»: Айдос Сарым әріптестерінің әл-ауқаты туралы айтты

Айдос Сарым

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу