USD
USD
USD

Генерал-майор Берік Біләловке үкім шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты полиция генерал-майоры Берік Біләловке үкім шығарды.

Генерал-майор Берік Біләловке үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО-ның бұрынғы бас полицейі және облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған Берік Біләлов 5 жылға сотталды.

Сонымен қатар 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте, соттарда, жергілікті басқарушы органдарда, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істей алмайды.

Берік Біләлов қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді.

Мұнан бөлек, одан зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорына 58 340 теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алынады.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 49-бабы 2-тармағына сәйкес, Президент атына Берік Біләловті ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінен және полиция генерал-майоры жоғары арнаулы шенінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс