USD
USD
USD

Газа секторында тәулік ішінде 700 адам мерт болды

Израиль Қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис және Рафах аудандарында, сонымен қатар солтүстіктегі бірқатар ауданда ХАМАС әскеріне қарсы әуе және құрлық арқылы шабуылын жалғастырды.

Газа секторында тәулік ішінде 700 адам мерт болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәулікте кемінде 700 адам, ал шиеленіс басталғалы 15 500-ден астам адам қаза тауып, 40 мыңнан аса тұрғын жарақат алған. Бұл деректер әзірге тәуелсіз тексерістен өткен жоқ.

ХАМАС қозғалысының әскері, «Ислам жиһады» мен «Хезболлах» Израиль аумағына зымырандармен шабуыл жасап жатыр. Израильдің солтүстігінде 11 адам жарақат алды, оның 8-і – әскери қызметкер.

БҰҰ бағалауынша, Газа Секторының 75% тұрғыны үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Жексенбі күні ЦАХАЛ Хан-Юнис пен қала маңында эвакуацияға жататын аймақты кеңейтті. Бірқатар БАҚ Израиль әскері құрлық операциясын бастағанын хабарлады.

Израиль қорғаныс әскері Газа секторындағы операция басталғалы ХАМАС әскерінің 800-ден астам жерасты туннелі анықталып, жартысынан көбі жойылғанын айтты.

Қатар үкіметі жексенбі күні уақытша бітімге келу және толықтай оқ жаудыруды тоқтату үшін бітімгер болуды жалғастыратынын мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.