USD
USD
USD

Газа секторында аурухана, мектеп және лагерь бомбаланды

Израиль күштері Газа секторындағы бейбіт халық орналастырылған 3 ғимаратты бомбалап, жүзден аса адам қаза тапты.

Газа секторында аурухана, мектеп және лагерь бомбаланды
Фото: NEGE.kz

200-ге жуық тұрғын жараланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Израиль әскері соққы берген нысандардың арасында "әл-Магази" босқындар лагері, "Әл-Кудс" ауруханасы мен Джабалия лагеріндегі мектеп бар. Газаның батысындағы аурухана мен білім ошағы кеше атқыланды. Израиль билігі ХАМАС нысандарына бомбаладық дейді. Жалпы мәліметке қарағанда Газада қарулы қақтығыстан ажал құшқандар саны 9 жарым мыңнан, ал жарақат алғандар қатары 30 мыңнан асқан.

Арафат Абу Машая, жергілікті тұрғын:

Израиль бейбіт халыққа Газаның солтүстігінен оңтүстігіне қарай көшсін деген талап қойған соң осында бас сауғалап келген едік. Бірақ нағыз қырғынға тап болдық. Израильдің әуе күштері 20-дан астам үйді жермен жексен қылды. Бәрінде қарапайым адамдар өмір сүрген.

Ливан-Израиль шекарасындағы ахуал да ушығып тұр. Израиль мен Ливан шекарасындағы ахуал да ушығып тұр. Оған Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" тобының Израиль аумағын зымыранмен атқылауы себеп. Израиль қарымта ретінде қозғалыстың нысандарына соққы берген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай