USD
USD
USD

Газа: Израиль соққысынан бір тәулікте 78 адам қаза тапты

Бір тәуліктің ішінде Израиль армиясының Газа секторына жасаған әуе шабуылдарынан кемінде 78 палестиндік қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

секторы
Фото: Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters

АЛМАТЫ, NEGE. Катарлық Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, израильдік әскери күштер палестин анклавын бомбалауды жалғастырып, соңғы 24 сағат ішінде ондаған адамның өмірін қиған.

Телеарна соңғы апталарда гуманитарлық көмек алуға келген палестиндіктердің де жаппай қаза тауып жатқанын атап өтті. Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, Израиль мен АҚШ-тың қатысуымен құрылған GHF – Гуманитарлық көмек қорының тарату бекеттеріне келген кезде 743 адам мерт болып, 4800-ден астамы жарақат алған.

Газа министрлігінің ақпаратына сәйкес, қарулы қақтығыс басталғалы бері 57,3 мыңнан астам палестиндік көз жұмып, шамамен 136 мың адам жараланған.

Израиль тарапы бұл деректерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Қақтығыс аймағында гуманитарлық ахуал күн сайын ушығып барады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты