USD
USD
USD

Газ тарту үшін пайызсыз несие алуға болады

Алматылықтар өз үйлеріне газ тарту үшін пайызсыз несие ала алады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев мәлім етті.

Газ тарту үшін пайызсыз несие алуға болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсет Масабаев қала тұрғындарын пайызсыз несие алу арқылы табиғи газға қосылуға шақырды.

«Алматылықтар кепілсіз, пайызсыз 300 мың теңгеге дейін несие алып, 18 ай ішінде алған сомасын қайтара алады. Қалада табиғи газға қосылудың орташа бағасы 148 мың теңгені құрайды. Оған жобалау, есептеу құралы, магистралды газ құбырынан үйге дейін жеткізу кіреді. Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін тұрғындар аудандық әкімдіктерге жүгінуі қажет», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол қажетті құжаттарды атады.

«Қажетті құжаттар пакетіне: жеке куәлік, жер теліміне мемлекеттік акті, үйге техникалық паспорт кіреді. Тұрғындар белсенді атсалысып жатқан жоқ. Тұрғындар Халық банкіне (пайызсыз несие алу үшін) хабарласуы керек. Егер мүмкіндік болса, газды өзіміз де жүргізе аламыз», – деді ол.

Оның айтуынша, әр тұрғын қай қазандықты, қандай көлемде қою керектігін өзі шешеді. Газ қазандығын орнату кезінде қауіпсіздік ережелерін ескеру қажет.

Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, халықтың әлеуметтік осал топтарын табиғи газға тегін қосу бойынша, сондай-ақ Халық банктен 300 мың теңгеге дейінгі сомаға пайызсыз несие алу арқылы қолдау көрсетуге бастама жасаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

ҰБТ

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Дәріхана

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

эвтаназиялау

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Оқушылар