USD
USD
USD

Газ бағасы мұнайдан асып түсті

Газ бағасы соңғы жеті жылда алғаш рет мұнайдан асып түсті. 

Газ бағасы мұнайдан асып түсті
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Газ бағасының өсуі оның 2014 жылдан бері алғаш рет мұнайға қарағанда қымбаттауына әкеп соқтырды.
 
Бұл ретте тарихта газ бағасының мұнайға қарағанда 2021 жылдағыдай ұзақ уақыт қымбат болуы болған емес, делінген Argus халықаралық баға агенттігінің есебінде. Бұл жағдай кей елдерді қыс алдында кейбір қуат бөлігін сұйық отынға ауыстыруға мәжбүрлеген. Бұл үрдіс салқын қыс жағдайында күшеюі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
 
Солтүстік-Шығыс Азияда газ бағасы мұнай паритетінен (мұнайдың шартты баррелі) биылғы жылды шілде айында көтерілген.
 
Соңғы рет мұндай жағдай 2014 жылдың қысында болған, деп атап өтті Argus.
 
Алайда сол кезде газдың бағасы мұнайға қарағанда қаңтар-ақпан айларында 37 күн бойы жоғары болып тұрған.
 
«Биыл бұл жағдай 62 күнге жалғасты» делінген есепте.
 
«Баға осындай деңгейде қалса, жылу және электр генерациялау кәсіпорындары экологиялық күн тәртібіне қарамастан, газдың орнына тек көмір емес, мазут жағуды да таңдайды», - деп жазды сарапшылар.
 
Олар сонымен қатар әлемде сұйық отынды техникалық қолдана алатын стансалар көп емес екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу