Газ бағасы қымбаттауы мүмкін – министр
Кеше сенатор Ерік Сұлтанов тауарлық газдың бағасын 60% - ға көтеруді ұсынды. Бүгін Үкімет отырыснан кейін, Энергетика министрі Болат Ақшолақов газ бағасының өсуі мүмкін екендігін жоққа шығармады.
Нұр-Сұлтан, NEGE «Газға сұраныс артқан сайын, әрине газ бағасы көтеріледі. Біздің елдегі газ бағасы басқа елдермен салыстырған өте арзан. Еліміздегі газ өндірісі барлық халықты газбен қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті газ бағасының өсуі әбден мүмкін. Халық үшін баға басқаша болады. Қазір министрлік қажетті есептеулерді жүргізуде. Біз шығыс аймақтарға 2,5-5 млрд. текше метр газ құбырын тартып жатырмыз. Ішкі тұтыну көлемі артса, 2024 жылдан кейін мүлде газ экспорттамаймыз деп ойлап отырмыз. Демек, бізде ішкі бағаны ұстап тұруға мүмкіндік болмайды. Газ бағасы көтеріледі", – деді министр.
Оның айтуына қарағанда, бағаны тұтынушылар тобына қарай белгілеу жоспарланып отыр. Тұтынушы топ үшке бөлінеді:
Біріншісі – халық және әлеуметтік қорғалмаған топ. Оларға төменірек баға болады.
Екіншісі – газдың нақты құнын төлей алатын және төлеуі керек тұтынушылар тобы. Олар экспортқа және валюталық кірістерге толығымен бағытталған кәсіпорындар, сонымен қатар майнерлер.
Үшіншісі – Коммуналдық немесе әлеуметтік бағыттағы кәсіпорындарүшін газдың бағасы екі есе өсуі мүмкін.