Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды.

Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аукционға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелді.

«107 нөмірімен адамға 28 миллион долларға сатылды», - деп мәлім етті аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы.

Amazon-дің негізін қалаушымен және оның ағасымен бірге ғарышқа кім барады, әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ.

Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады. Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізген болатын.

Компанияның хабарлауынша, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады. Айта кетсек, бұған дейін ғарышқа билет құны 2,8 миллион долларды құраған еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА