USD
USD
USD

«Гарант 24 Ломбард» директоры қамауға алынды

«Гарант 24 Ломбард» директоры екі адамның 13,5 млн теңгесін алып, тақырға отырғызып кеткен.

«Гарант 24 Ломбард» директоры қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оралда екі адамның 13,5 млн теңгесін алып, тақырға отырғызып кеткен «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы ПД.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ЖШС-ға қатысты екі адам шағым түсірген. Қос арыз бойынша келтірілген шығын құны 13,5 млн теңгені құрайды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 190 бабы 4-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру шаралары барысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының өңірлік директоры, БҚО-ның 1980 жылғы тұрғыны ұсталды.

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осыған дейін «Гарант-24» ломбардының Тараз, Қарағанды және Павлодар филиалдарының басшылары ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов

Тоғыз ойыншымен қалған «Омонияны» «Қайрат» пенальти сериясында жеңді

Қайрат