USD
USD
USD

Ғани Қайназаров ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің жаңа директоры болып тағайындалды

Танымал футбол маманы Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды.

Ғани Қайназаров
Фото: kff.kz

Алматы, NEGE. Ғани Әділханұлы бұл қызметін 2016-2017 және 2022-2024 жылдары атқарған болатын.

Оның басшылығы кезінде Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді: 2016 жылы команда ФИФА рейтингінде рекордтық 83-орынға көтеріліп, ұлттық құраманың тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Ал 2023 жылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 18 ұпай жинап, жаңа рекорд орнатты.

Футболшы кезінде Ғани Қайназаров «Тараз», «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Тараз» және «Астана» футбол клубтарында жетекшілік қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық