USD
USD
USD

Гандболдан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

  Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Гандболдан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іріктеу ойындары Мажарстанда өтуде. Қазақстанның қарсыластары - Мажарстан, Ресей және Сербия құрамалары. Алғашқы ойынында қазақстандық гандболшылар Мажарстан құрамасымен кездесті. Бұл кездесуде алаң иелері басымдық танытты. Осылайша құрамамыз қарсыласына 19:46 есебімен жол берді. Алғашқы турда Ресей Сербияны 29:24 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық гандболшылар бүгін, 20 наурызда Ресей, 21 наурызда Сербиямен кездеседі. Естеріңізге сала кетелік, құрамамыз 2008 жылы Олимпиада ойындарында бақ сынап, жалпы командалық есепте оныншы орынға табан тіреген болатын. Айта кетейік, Қазақстан Токио Олимпиадасына 100 жолдама иеленуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.