USD
USD
USD

Ганада әйелі үйіне кеш қайтқан күйеуінің үстінен полицияға шағымдана алады

Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға сәйкес, әйелі бірнеше жағдайда күйеуінің үстінен полицияға шағым түсіре алады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Полицей қызметкері Деннис Фякпуидің Ghana News Agency желілік басылымына мәлімдеуінше, мұндай әрекеттер заң бойынша эмоциялық зорлық-зомбылық ретінде қарастырылады.

«Егер күйеуіңіз сіздің тамағыңызды жеуден бас тартып, көңіліңізді қалдырып, эмоциялық күйзеліске түсірсе, полицияға шағымдана аласыз, сондай-ақ күйеуіңіз жұмыстан кеш қайтып, ренжітсе, арыз түсіре аласыз», – деді ол.

Бұдан бөлек, полицейдің айтуынша, осы заңға сәйкес, ерлі-зайыптылардың бірі жыныстық қатынастан бас тартқан жағдайда да жазаға тартылуы мүмкін. Бұл әйелдерге де, ерлерге де қатысты. Егер кінәсі дәлелденсе, «қылмыскер» екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық