USD
USD
USD

Гамбургте жұмысшылар ереуілге шықты

Бүгін, 9 наурызда Гамбург-Фульсбюттель әуежайының қызметкерлері күтпеген жерден ереуілге шығып, жұмыс тоқтатылды.

Г
Фото: shutterstock

Алматы, NEGE. Verdi кәсіподағы аяқ астынан жерде қызмет көрсететін жұмысшыларының ереуілін ұйымдастырды. Мұндайды көрмеген жолаушылар аңтарылып қалды.

Әуежай сайтында Verdi ереуіліне байланысты әуе айлағы жабылғаны туралы шұғыл хабарлама жарияланды. Бүгінге белгіленген ұшақтардың ұшу-қонуы кейінге шегерілді. Жолаушыларға жоспарланған рейстер туралы ақпарат алу үшін әуе компаниясына хабарласу қажеттігі айтылды. Адамдардың көбі бұл жағдайды соңғы сәтте ғана электронды пошта немесе мессенджерлер арқылы білді.

Әуежай 9 наурызда Verdi кәсіподағының қызметкерлері алдын ала ескертусіз жариялаған ереуілге байланысты жабылды. Осы себепті күні бойы ұшып-қонулар болмайды. Егер сіздің рейс туралы сұрақтарыңыз болса, әуе компаниясына хабарласыңыз, – делінген Х желісіндегі әуежайдың ресми парақшасында.

Жұмысшылардың наразылығы мұнымен тоқтамауы мүмкін. Verdi кәсіподағы 11 наурызда Берлин, Ганновер және Франкфурт әуежайларында ереуіл ұйымдастыратынын мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам